Түркістан облысының екі тұрғыны мемлекетке 7 млрд теңге салық төлеуден жалтарған

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Бұл фактіні ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған органның баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Түркістан облысының екі тұрғыны 2017-2019 жылдары аралығында «Фаворит Инвест Строй», «Азия-Tech» және «Таңшолпан-Нұр» ЖШС-ін үшінші тұлғаларға тіркеу арқылы қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырған. Сондай-аө олар ұйымға басшылық ете отырып, іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызмет түрлерін көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жалған шот-фактура жазып беру ісіне жүзеге асырған.

Айыпталушылар контрагент сатып алушылардан белгілі бір мөлшерде сыйақы алу арқылы ұйымдарға салынатын салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарған. Заңсыз іс-әрекет нәтижесінде мемлекет бюджетіне 7 млрд теңгеден астам қаржы көлемінде залал келтірілді.

«Азаматтардың қылмысы ҚР ҚК 28-бабының 2, 3 және 5-б., 216-бабының 3-б., 245-бабы 3-б. сәйкес сараланып, Жетісай аудандық сотының үкімімен азаматтардың бірі 5 жарым жылға, ал екіншісі 3 жылға сотталды»,-делінген ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар