Түркістан облысының дәрігерлері Түркияда біліктілігін арттырды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістандық 30 дәрігер Ыстанбұл қаласында біліктілігін арттырып, тәжірибесін шыңдап келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арнайы топ ішінде Түркістан, Кентау қалалары мен Ордабасы, Арыс, Бәйдібек, Түлкібас, Отырар, Сайрам, Жетісай аудандарының дәрігерлері бар.

Жалпы 30 медицина қызметкері жасақталған.

Бұл тәжірибе алмасу өңірдегі медицина қызметі сапасын арттыруға үлкен мүмкіншілік береді деп күтіліп отыр.

Жалпы, биыл Түркістан облысының ауруханалары мен емханаларында еңбек ететін 2445 медициналық қызметкер біліктілігін арттырған.


Соңғы жаңалықтар