+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Түркістан облысының дәрігерлері операцияның жаңа түрін ойлап тапты

2020 жылғы 23 қазан 02:41
Бөлісіңіз:
Түркістан облысының дәрігерлері операцияның жаңа түрін ойлап тапты

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының дәрігерлері жүкті әйелдердің босану немесе одан кейінгі кезеңде қан кетуін уақытша тоқтатудың жаңа әдісін ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Вакцина коронавирустан 100% қорғай ма – профессор жауабы СҚО-да дәрі-дәрмек және медицина бұйымдарының тұрақтандыру қоры ашылды Теңіз кенішінде қарашадан бері 140 жұмысшы коронавирус жұқтырды

Отаның бірегей әдісін енгізген үздіктер ҚР Ұлттық зияткерлік меншік институтының патентіне ие болды.

Операцияның бұл түрін 1,5 жыл бойы зерттеген топқа Түркістан қаласындағы №3 перинаталды орталығының бас дәрігері, онкогинеколог Нұржан Махмудов басшылық еткен.

Медицина саласында 33 жыл қызмет атқарып жүрген білікті дәрігердің айтуынша, отаның жаңа тәсілі дүниежүзі бойынша алғаш рет қолданысқа енгізілуде.

«Жүкті әйелдер арасында сәбидің плацентадан ажырауы - жиі кездесетін асқыну. Көп мөлшерде қан жоғалту - ана мен бала өміріне де аса қауіпті жағдай. Жаңадан ойлап тапқан әдісіміз бойынша система арқылы жатырдағы қан тамырларын байлап, қан кетуді уақытша тоқтатамыз. Бұл емдік шараны әрі қарай жоспарлауға, жедел көмек келгенше немесе шалғай аудандарға білікті хирург-дәрігер жеткенге дейін қан жоғалтпауға мүмкіндік береді»,-дейді білікті дәрігер Нұржан Талғатбекұлы.

Түркістан облыстық №3-ші перинаталды орталықтың білікті дәрігерлер құрамы бұл әдіс бойынша осымен 10 рет ота жасаған. Барлығы да сәтті өткен.

Арнайы сарапшы-мамандардың тыңғылықты талдауынан жан-жақты өткен бұл әдісті алдағы уақытта аймақтағы әріптестеріне егжей-тегжейлі түсіндіру мақсатында арнайы семинарлар ұйымдастырып, тәжірибе алмасады.

Сонымен қатар, жатырға эндоскопиялық әдіспен ота жасаудың да жаңа тәсілін зерттеп, халықаралық патентке ұсынуды жоспарлауда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT