Түркістан облысының дәрігерлері қайырымдылық шарасын өткізді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Бәйдібек ауданының дәрігерлері қайырымдылық шарасын өткізді. Аудандық орталық аурухана ұжымы көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасыларға қолдау көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аурухананың бас дәрігері Гүлдария Шардарбекованың бастамасымен ақ халатты абзал жандар бір күндік жалақысын қайырымдылық шараларына аударды. Сауапты іске бір кісідей атсалысқан аудан дәрігерлері мұқтаж жандарға қол ұшын беруге әрдайым дайын екенін осылайша тағы бір дәлелдеді. Аудандық аурухана мен оған қарасты 12 дәрігерлік амбулаториядан жағдайы төмен 72 отбасы анықталған болатын. Олар үшін арнайы 6 ірі қара мал сойылып, 144 қап ұн, 72 қап вермишель, күріш және май алынды. Алынған азық-түліктер әр отбасыға теңдей бөлініп, таратып берілді. Осылайша әр шаңыраққа 17 келіден ет, екі қап ұн, 5 литр өсімдік майы, 5 келі вермишель мен күріш жеткізілді.
null

Аудандағы медицина қызметкерлері бұл күні сондай-ақ қан тапсырды. 93 дәрігер мен медбике жыл сайынғы үрдіс бойынша қан орталығына барып, сауапты іс жасады. Оның 27-сі тұрақты донор ретінде тіркеліп, науқастардың өмірін сақтап қалуға өз үлестерін ұдайы қосып жүр.

«Қан банкін жасап қойғанымыз түрлі келеңсіздіктердің алдын алады. Қан тапсырған қайырымдылық қана емес, дені сау адам үшін пайдалы да. Біздің ұйымның арасында үнемі қан тапсырып тұратын тұрақты донорлар жетерлік», - дейді Бәйдібек ауданының орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бексұлтан Рысбеков.

null null

Соңғы жаңалықтар