Түркістан облысының цирк өнерпаздары халықаралық байқауда топ жарды

None
None
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының цирк өнерпаздары халықаралық байқауда топ жарды. Астана қаласында өткен дәстүрлі «Азия жаңғырығы» Халықаралық фестивалінде "Оңтүстік-Цирк" мекемесінің  "Эксклюзив" тобы алтын медальді еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астананың туған күніне орай жыл сайын елордада өтетін фестивальде биыл Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Вьетнам, Ресей, Беларусь, Франция, Канада, Никарагуа, Эфиопия және Венгрия сынды 13 мемлекеттің 60-тан аса  цирк қызметкерлері  бас қосты. Онда "Оңтүстік-Цирк" мекемесінің  әртістері  күрделі трюктерден тұратын "Өлім доңғалағы" нөмірімен көпшілікті таң қалдырды. Осылайша түркістандық жігіттер бас жүлдеге лайық деп танылып, жеңімпаз атанды. Ал, екінші орын - Беларусь елінің мәдениет майталмандарына бұйырса, үшінші орынды - Қазақ Мемлекеттік циркінің әртістері иемденді.

nullФестиваль соңында құрметті қонақ ретінде шақырылған  Венгрияның танымал піл үйретушісі Ричард Такас пен Украина  шоу-бағдарламаларының жетекшісі Виктория Гриценко өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар