Түркістан облысының блокбекеттерінде 863 заңбұзушылық тіркелді

None
None
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Түркістан облысының блокбекеттерінде 863 заңбұзушылық тіркелді. 47 адамға төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

73 азаматқа ескерту жасалып, 2 адам әкімшілік қамауға алынды.

Блокбекеттерде 14 307 көлік тексерілді. 100-ден аса автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Полиция бөлімдеріне 1 220 адам жеткізілді.

ҚР ӘҚБтК 478-бабы «ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер» бойынша 8 факті анықталды.

Бейбіт жиналыстар туралы заңды бұзудың 8 фактісі анықталып, 1 азаматқа ескерту жасалды, 6 адам қамауға алынды, 1 адамға айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар