+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Түркістан облысының бас сәулетшісі пара алғаны үшін сотталды

2019 жылғы 13 маусым 17:56
Бөлісіңіз:
Түркістан облысының бас сәулетшісі пара алғаны үшін сотталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Рахмет Бектаев пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.

Түркістан облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Рахмет Бектаев және осы мекеменің бөлім басшысы Т. Тасболат, сондай-ақ «Сұңқар Building» ЖШС басшысының орынбасары А. Ботановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

«Лауазымды тұлғалар «KazGeoStandart» ЖШС ізденіс жұмыстарын жүргізуге лицензия беру үшін А. Ботанов арқылы 380 мың теңге сомасында пара алған. Рахмет Бектаев сондай-ақ қарамағындағы бағыныштылардан сыйлық төлемдерін жинауды іске асырған, үлестес тұлғалар арқылы кәсіпкерлік қызметке қатысқан» делінген хабарламада.

7 маусымда Түркістан қаласы сотының үкімімен Бектаев және Тасболат сыбайлас жемқорлық жасауда кінәлі деп танылып, 13,3 млн теңге айыппұл төлейтін болды. Ботанов парақорлықта делдал болғаны үшін 1,9 млн теңге айыппұл төлейді.

Сотталғандар мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында еңбек ету құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген күннен бастап 2 ай ішінде айыппұл төленуі тиіс. Айыппұл төлемеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT