+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Түркістан облысының бас полицейі тұрғындарға шектеу шараларын түсіндірді

2020 жылғы 4 сәуір 18:26
Бөлісіңіз:
Түркістан облысының бас полицейі тұрғындарға шектеу шараларын түсіндірді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков блокпосттарда облыс аумағындағы шектеулер жайлы тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аудан тұрғындарына шектеу шараларына түсіністікпен қарауға, төтенше жағдай талаптарын қатаң сақтауға және аса қажетсіз үйден шықпауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда 134 мониторинг тобы жұмыс істеп жатыр Карантин кинобизнес саласына қалай әсер етіп жатыр Алматыда санитарлық талапты бұзған кәсіпкерлердің саны 62 пайызға артты

Бүгінде өңірдегі барлық жеке құрамы күшейтілген қызметке көшкен. Коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында облыста 76 блок-пост қойылып, онда тәулік бойы дәрігерлер мен полицейлер қызмет атқаруда. Оның ішінде екі блок-пост республикалық маңызы бар автожолдарда ашылған. Полиция қызметкерлері автокөлік ағынын, ал медицина саласының мамандары жүргізушілер мен жолаушылардың денсаулығын тексеруде. Жетісай ауданының орталығында, Жаңаауыл мен Жылысу ауылдық округтерінде Әбдіқалық және Байқоныс ауылдарының жанында коронавирустың таралу ошақтарының анықталуына байланысты, карантин енгізіліп, Жетісай полиция бөлімінің қызметкерлерінен 14 блок бекеттері қойылған.

«Полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзуға жол бермеуге, облыс аумағында қоғамдық тәртіпті бұзған жағдайда азаматтарды жауапкершілікке тартуға, қылмысқа жол бермеуге және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылау жасайды. Төтенше жағдай енгізілгеннен бері облыс полицейлері 84 төтенше жағдай режимін бұзушылықты анықтады, азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабына сәйкес «төтенше жағдай режимін бұзу« бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 26-сы әкімшілік тәртіпте қамауға алынды», -деді Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал - майоры Қайрат Дәлбеков.


Бүгінде аймақтағы полицейлер жалған ақпарат таратудың 9 жайтын анықтады. Олардың барлығы дер кезінде ашылып, күдікті адамдар анықталып, ҚР ҚК-нің 274-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған. Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша, шектеу шаралары күшейтілген. Қалааралық жолаушылар тасымалы және автовокзалдар, автостанциялар мен теміржол вокзалдарының қызметі уақытша тоқтатылған. Дезинфекциялау режимі күшейтіліп, қалааралық автотранспорттардың жұмыс уақыты сағат 6.00-ден 20.00-ге дейін шектелген. Сонымен қатар базарлардың жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, қоғамдық тамақтану нысандары тек үйге тапсырыс беру арқылы сағат 8.00-ден 20.00 аралығында жұмыс істеуде. Бұдан өзге облыс тұрғындары мен қонақтары үнемі қорғаныш бетпердесін киюге міндеттеліп, 65 жастан асқан азаматтарға өзін-өзі оқшаулау режимін сақтау қажеттігі ескертілген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT