Түркістан облысының бас полицейі 158 азаматты қабылдады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшудегі міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған шара аясында облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков қабылдауға алдын ала жазылған тұрғындармен «ZOOM» платформасы арқылы тілдесті.
Тұрғындардың мәселесін шешу мақсатында жоспарланған шараға департамент бастығынан бөлек орынбасарлары мен полиция басқарма, бөлімдерінің басшылары қатысты.
Қабылдауға жазылған азаматтардың бір бөлігі тікелей эфир арқылы арыз-шағымын жеткізсе, енді бірқатары тергеушілердің тиянақты жұмысына алғыс айтты.
Арасында ішкі істер органына қызметке орналасу бойынша өз сауалын жолдағандар да болды.
Департамент бастығы азаматтардың мәселесіне мән беріп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді. Яғни, алдағы уақытта тұрғындар тарапынан түскен әрбір сауал бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілетін болды.
«Полиция халыққа қолжетімді болуы тиіс. Әсіресе жұртқа жақын болуда учаскелік полицейлерге артылар жүк аз емес. Олар әрдайым өз аумағындағы азаматтардың арыз-шағымына ден қойып, қылмыстардың алдын алу жұмыстарын жүргізіп отыруы керек»,-деді Қайрат Дәлбеков.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірдің бас полицейі 158 адамды қабылдаған болатын. Оның ішінде 69 тұрғынға онлайн режимде жауап берді.
Олардан түскен сұрақтардың басым бөлігі өз мерзімінде шешімін тапқан.
- Түркістан облысында жабық базарлардың қызметі демалыс және мереке күндері тоқтатылады
- Алматыда 58 кәсіпкерлік нысан карантин талаптарын бұзғаны анықталды
- Амстердам әуежайында әлемдегі ең ірі есірткі тасушының бірі қолға түсті
- Былтыр электрондық форматтағы әкімшілік хаттамалар мен нұсқамалар 6 млн-нан асты
-
2020 жылы әкімшілік істер бойынша қанша айыппұл салынды
-
Коронавирус: Қазақстанға шетелден 345 азамат анықтамасыз келді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам