Түркістан облысының бас имамы тағайындалды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысына бас имам болып Еркебұлан Қарақұлов тағайындалды. Жергілікті жамағатқа жаңа бас имамды Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еркебұлан Қарақұлов Шымкент қаласында туған. 1998 жылы «әл-Азхар» университетіндегі (Мысыр) теология негіздері факультетінде білім алған.

2008 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де білімін шыңдаған. Философия және саясаттану факультетінің магистрі, дінтанушы.

Еңбек жолын 2005 жылы «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Алматы қаласы орталық мешітінің ұстазы болып бастаған.

Әр жылдары Алматы, ОҚО мешіттерінде қызмет атқарған. БҚО мешітінің бас имамы болған.

Бұған дейін Шымкент қаласы бас имамының орынбасары болған.

«Құран оқып үйренейік», «Намаз оқып үйренейік», «Ислам ғылымхалы» діни әдебиеттерінің қосалқы авторы.

Ал, бұған дейін облыстың бас имамы қызметін атқарған Мұсабек Ақтамберді Шымкент қалалық орталық мешітіне ауысты.


Соңғы жаңалықтар