Түркістан облысының аудандарындағы елдімекендер 99,8% газбен қамтылады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында 43 табиғи газ нысанының құрылысын жүргізуге 14 млрд теңге бөлініп, жылдың қорытындысымен 20 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталады. Бұл туралы Түркістан шаһарында өткен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысының айтуынша, 2025 жылдың қорытындысымен Түркістан облысының аудандардағы 802 елді мекенді 95% немесе 1,9 млн халық 99,8% табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. Табиғи газға қосылған елді мекендердегі тұрғындарға әкімдік тарапынан түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.


«Ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 56 нысанның құрылысына 18,9 млрд теңге қарастырылып, қамту деңгейі 82,7% құрайды. Соның ішінде, 35 нысан ағымдағы жылы пайдалануға беріледі. Жыл қорытындысымен, 19 елді мекен жаңа ауыз су жүйелерімен қамтылса, 6 елді мекендегі тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылады. 2 018 100 халқы бар Түркістан облысында 843 елді мекен, оның ішінде, 7 қала мен 836 ауылдық елді мекен бар. Облыс бойынша 843 елді мекеннің 678-сы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Атап айтсақ, қалалар - 97,9 %, ауылдық елді мекендер – 91% құрайды»,- дейді Өмірзақ Шөкеев.


Соңғы жаңалықтар