Түркістан облысының әр ауданында полицейлердің саптық байқау өткізілуде

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әр ауданында полицейлердің саптық байқау өткізілуде. Полиция бөлімшелерінің жеке құрамы қатысатын Саптық байқауларға облыстық Полиция департаменті бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтың қатысып, тәртіп сақшыларының қызмет атқаруда дайындығын пысықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәртіп сақшыларына қойылатын негізгі міндет – құжаттардағы ұқыптылық, таза, мінсіз киім үлгісі, заңдарды жатқа білу. Осыған орай, тәртіп сақшыларының сыртқы түрі мен жинақылығы жеке бағаланып, Ішкі істер органдары қызметкерлерінің саптық жарғы ережелерін меңгеруі, саптық дағдының дәрежесін анықтауы, ереже талаптарына сай болуын қадағалауы тексерілді және қызметтік автокөліктерге де тексеру жұмыстары жүргізілді.

Саптық бақылаудың өтілуі – бәрінен бұрын өңірдегі полицейлердің қызметіне дайындығын тексеріп, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіп сақтауды қамтамасыз етудегі жеке құрамның алға қойған мақсат-міндеттерге дайындығын бақылау үшін ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, жаңадан келген жас мамандардан салтанатты түрде ант қабылданады. Байқау барысында басшылық құрамға келіп-кету, сәлемдесу, баяндау әдістерінен саптық жаттығулар өткізілді.

Киім кию жағынан, болмаса жүріс-тұрысынан, өз қызметін адал әрі мінсіз атқаруынан байқалады. Ал, түрлі қылмыстарды болдырмау, мал ұрлықтарының алдын алу, жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жалпы қылмыспен күрес профилактикаларын жүргізу Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің күнделікті жоспарынан түскен емес.

Соңғы жаңалықтар