+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Түркістан облысының әкімі жайылымды жөн жосықсыз берген әкімдерді қатаң сынға алды

2021 жылғы 17 мамыр 19:00
Бөлісіңіз:
Түркістан облысының әкімі жайылымды жөн жосықсыз берген әкімдерді қатаң сынға алды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жайылым жерлер мәселесін шешу үшін оның көлемін ұлғайту қарастырылуда. Облыс әкімдігі спутниктік деректер негізінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мониторингісінің жаңа технологияларын пайдалана бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-ға шетелдік инвестор құны 250 млн долларды құрайтын ферма салмақ Ауыл шаруашылығы өндірушілері субсидиялау саласындағы жемқорлыққа қарсы өз ұсыныстарын айта алады Малы жоқ және қайтыс болғандардың атында жайылым жерлер тіркелген

Облыс аумағындағы жайылым жерлерді анықтау бойынша космомониторинг жүргізіліп, цифрлық технологиялар мен әдістердің кең мүмкіндіктері қолданылуда. Жосықсыз жер пайдаланушыларға бақылау күшейтілген. Космомониторинг көрсеткіштері облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында талқыланды. Аймақ басшысы кей аудандарда орын алған жер иелерінің әрекетін және оған жол берген әкімдерді қатаң сынға алды. Жер заңнамасын бұзу деректері бойынша шара қолдануды және мәселені шешуді тапсырды.

«Облыс аумағында жерді қазып тастаған жағдайлар жиілеп кетті. Неге әкімдер қарамайды? Бұл дегеніңіз – табиғатқа қиянат қой. Ол жерге мал түсіп, мертігіп жатыр. Оны тоқтату керек. Қазып тастаған жерлерді реттеу керек. Барлық әкімдерге тапсырма», – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.


Егістікке мал түспес үшін шұңқыр қазып тастаған азаматтарға шара қолдану мақсатында облыстық жер инспекциясына арнайы хат жолданған. Ғарыштан мониторинг жүргізу барлық жерді қамтиды және оны пайдалану мен түсімділік, тіпті су тұтынуды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жер пайдаланылмай немесе мақсатына сәйкес пайдаланылмай жатқан жағдайларды анықтайды. Игерілмеген жерді мемлекетке мәжбүрлеп қайтару көзделген. Жерді қатарынан 2 жыл бойы пайдаланылмаған жағдайда, айыппұл салынады, және жер салығы 10 есе ұлғайтылады. Облыс бойынша жайылым тапшылығы бар 152 елді мекендер анықталды. Жыл соңына дейін жалпы пайдалануға 130 мың га жер өтеді. Осылайша, халықтың пайдаланатын жайылым жердің көлемі 742 мың га немесе 21% артуы күтілуде. Заң жобасында мемлекетке қайтару мерзімін екі жылдан бір жылға дейін қысқарту қарастырылған. Жайылымдар алаңдарын ұлғайтуға бағытталған жұмыстар жалғасуда. Отырыста сондай-ақ, облыс аумағындағы коронавирус инфекциясы мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндалды. Жағдай тұрақты. Бүгінгі күнге дейін 176 мыңнан аса адам 1-ші компонентпен вакцина қабылдады. Пандемия басталғғалы 700 мыңнан астам адамнан ПТР сынағы алынған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT