Түркістан облысының әкімі Асқар Маминнан бірқатар мәселелерге қолдау көрсетуді сұрады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат -ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминның төрағалық етуімен өткен жиында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бірқатар мәселелерді айтып, оған қолдау көрсетуді сұрады. Өңір басшысы Түркістан қаласының шығыс аумағынан жаңа айналма жолды қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыс әкімдігі тарапынан Кентау қаласы аумағын индустриалды-өндірістік аймақ ретінде дамыту барысында әлі де бірқатар жұмыстар атқарылу керек. Түркістан қаласының шығыс аумағынан шамамен ұзындығы 30 шақырым, құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны 15 млрд теңге болатын айналма жолды қарастыру туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ұсыныс жолданған болатын. Осыған қолдау қажет»,- деді Өмірзақ Шөкеев.

Өңір басшысы сонымен қатар, жаңадан салынатын әуежайға жол салу қажеттігін атап өтті.

«Әуежайға салынатын автомобиль жолынан «Кентау» индустриалды аумағына баратын жолдың құрылысы. Қазіргі таңда, әуежайға баратын 15,2 шақырым жолдың техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Шаға ауылы тұсынан әуежайға салынатын автомобиль жолынан Қосқорған ауылы арқылы тікелей Кентау қаласындағы индустриалды аймаққа дейінгі жалпы ұзындығы 24 шақырымды құрайтын жол құрылысын жүргізу жоспарлануда. Бұл бағыт арқылы жүк көліктері Түркістан қаласы аумағына кірмей тікелей индустриалды аумаққа қатынайтын болады. Аталған жол құрылысы Түркістан облысының 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму кешенді жоспарына өзгеріс енгізу барысында қарастырылды. Жобаны қолдауыңызды сұраймын», - деді Өмірзақ Шөкеев.

null

Соңғы жаңалықтар