Түркістан облысының 367 ауылына су тартылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021-2025 жылдары Түркістан облысындағы 132 577 адам тұратын 367 ауылдық елді мекенде сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі осындай мәлімет Бейбіт Атамқұлов айтты.

«Түркістан облысының қалалық елді мекендерінде сумен жабдықтау қызметтеріне 98,9% қолжетімділік бар. Ауылдық елді мекендерде қолжетімділік 92,1% - ды құрайды. 2021-2025 жылдары 367 ауылдық елді мекенде сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау жоспарлануда. Сондай-ақ, 49 ауылдық елді мекенде жергілікті бюджет қаражаты есебінен су тазартудың кешенді блок-модульдері орнатылады», - деді ведомство басшысы.

Өңірді дамытудың кешенді жоспары бойынша 2025 жылы облыс халқының 100%-ы сапалы сумен қамтамасыз етулі керек.

«2021 жылға арналған кешенді жоспар шеңберінде Түркістан облысында сумен жабдықтау және су бұру бойынша 58 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 14,1 млрд теңге сомасында қаражат бөлу қолдау тапты. Бөлінген қаражат есебінен 743 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу және реконструкциялау жоспарланады. Сондай-ақ, 19,5 мың адам сумен жабдықтау қызметтерімен қосымша қамтамасыз етілетін болады. Жалпы осы бағыттар бойынша 638 жұмыс орны құрылады», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Соңғы жаңалықтар