Түркістан облысындағы «Ұланбел-Созақ-Екпінді» жолы жабық

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында «Ұланбел-Созақ-Екпінді» жолында барлық көлік түріне қозғалыс тоқтатылды.

Бұл шаралар бұрқасын жел мен қар жаууының, жолдың көрінудің нашарлауына байланысты қолға алынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жол бүгін сағат 10:30-дан бастап жабылған.

«Созақ ауданы, облыстық маңызы бар КХ-2 «Ұланбел-Созақ-Екпінді» а/ж 576-623 шақырымының бөлігінде ауа-райының нашарлауына байланысты барлық көлік түріне қозғалыс тоқтатылды. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті елді мекендерден тыс жерлерге шығу қауіпті екенін ескертеді. Автокөлік иелерін ауа-райының жағдайын бақылап, құтқарушылардың кеңесіне құлақ асуын сұраймыз. Қажет болған жағдайда құтқару қызметінің 112 нөміріне қоңырау шалу керек»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар