Түркістан облысындағы су тасқыны: Министрлік соңғы мәліметтерді жариялады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысындағы су тасқынына қатысты соңғы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір республиканың оңтүстік өңірлерінде, оның ішінде Түркістан облысында су тасқыны жағдайы күрделене түсті. 1-2 ақпанда қатты жауын-шашын мен температураның 7-8 градусқа дейін көтерілуі нәтижесінде аталған облыстың 4 ауданын таудан еріген қар сулары шая бастады. Атап айтқанда, Сауран, Ордабасы, Созақ және Бәйдібек ауданының аумағы. Сондай-ақ Арыс және Кентау қалалары да бар. Салдарынан 21 елді мекен және 234 аула аумағы су астында қалды», - деді ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев ОКҚ-де өткен брифингіде.

Вице-министр мәлімдегендей, жедел шаралардың арқасында зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

«Арыс қаласында бір ғана тұрғын үй су астында қалды. Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының ТЖД барлық бөлімшелері дайындық үстінде. Қазгидромет болжамына сәйкес, су шаю бұру үшін жедел шаралар қабылданды. Яғни 13 мыңға жуық қапшық төселді, жеке құрамның 400-ден астам адамы және 71 бірлік техника жұмылдырылды. Сонымен қатар Шымкент гарнизонының жедел құралдары тартылды. Жағдай тұрақталды», - деп сендірді И. Күлшімбаев.

Айта кетсек, аталған өңірдегі жағдайға қатысты министр Юрий Ильин түсінік берген еді.


Фото: t.me/qr_tjm

Соңғы жаңалықтар