Түркістан облысындағы полицияның фронт кеңселеріне 3 мыңға жуық азамат келген

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты фронт кеңселеріне 3000-ға жуық азамат келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фронт кеңселерде тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған, бөлмелері заманауи техника, жиһаздармен жабдықталған, ыңғайлы күту аймағы, ақпараттық стендтер, теледидар және ғаламтор, салқындатқыш қосылған, жалпы алғанда барлық қажеттіліктер қарастырылған. Кең ғимаратта азаматтар әкімшілік практика желісі, лицензиялық-рұқсат беру жүйесі, қылмыстық істерді тергеу, көші-қон және кадр саясаты басқармасы қатысты құқықтық кеңес ала алады.

Аудан тұрғындарының өтініштері мен сұрақтарын мұнда жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция, көші-қон қызметі, тергеу, анықтау және кадр саясаты басқармасының мамандары қабылдайтын болады.

Облыстық ПД-ның жанынан ашылған «фронт-офиске» осы уақытқа дейін 1200-ге жуық азамат өтінішпен келген. Оның ішінде, өтініші жауапсыз қалмай, шешімін тауып, ПД-ның әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы полицейлердің қызметіне риза болып, алғыс білдіргендер де болды. Заманауи кеңсеге келушілердің жартысына жуығы әкімшілік және жергілікті полиция қызметіне, 300-ге тарта азамат тергеу саласына, 500-і кадр және басқа да қызметтер бойынша жүгінген.

Сонымен қатар, ҚАПБ (Б)-на қарасты ашылған 14 фронт-офиске жалпы саны 1800-ге жуық тұрғын келген. Оған қоса «Фронт-офисте» айына бір рет облыстық ПД-ның бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің «Қош келдіңіз!» акциясы өткізіліп, алдын ала жазылған тұрғындарға жеке қабылдауды ұйымдастырып отырады.

Соңғы жаңалықтар