Түркістан облысындағы мемқызметшілердің жалақысы 2,5 есеге өсті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат  - Түркістан облысында мемлекеттік қызметкершілерге жалақы факторлық-балдық шкала бойынша төленеді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғалым Тұрсынбаевтың айтуынша, аталған жүйе мемлекеттік қызметшілердің істеріне үлкен жауапкершілікпен қарап, сапалы жұмыс істеуіне жетелейді. Бұған қоса, жыл соңында жұмыс нәтижесінің тиімділігіне сәйкес қосымша бонустар берілмек. Бұл ретте қызметкерлердің жауапкершілігі, дербестігі, тәжірибесі, арнайы білімі, жүктемесі секілді факторлар ескеріліп, жалақы тағайындалады.

«Бұған дейін орталық және аудан деңгейіндегі мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ, мемлекеттік және жеке секторларда қызметшіге еңбекақы төлеуде теңсіздік болды. Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі анықталған мәселелерді жояды. Бұл жүйе факторлы-балдық шкала негізіндегі тұрақты бөлік пен бонустардан тұрады. Мұндай жүйелер АҚШ, Сингапур, Жаңа Зеландия сынды озық елдерде және де БҰҰ, Дүниежүзілік пен Азиялық даму банктерінде қолданылады. Қазақстанда осы әдістеме бірқатар жеке және квазимемлекеттік секторлар енгізілген», -  деді Ғалым Сұлтанұлы.

Жаңа жүйенің енгізілуі өңірлер мен орталық қызметкерлерінің еңбекақыларының сәйкессіздігін азайтуды көздейді. Осылайша жалақы айырмашылығы 70 пайыздан 10 пайызға дейін кеміген. Бұл аумақтардан кадрлардың жаппай кетуін азайтып, жергілікті мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, кадрлық белсенділікті күшейтіп отыр.  Сонымен қатар, агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті қызметшілерінің жалақысы да 2,5 есеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде департаментте өткен конкурста жетекші маманға жарияланған бір орынға 39 адам құжат тапсырған. Жалпы, еңбекақы төлеудің жаңа жүйесінің енгізілуі бірінші кезекте мемлекеттік органдардың ішкі резервтерінің құрылуын қамтиды.

null 

null 

Соңғы жаңалықтар