+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Түркістан облысындағы мектептер 6 сәуірден бастап қашықтан оқыту жүйесіне көшеді

2020 жылғы 31 наурыз 10:26
Бөлісіңіз:
Түркістан облысындағы мектептер 6 сәуірден бастап қашықтан оқыту жүйесіне көшеді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы білім ұялары 6-сәуірден бастап толықтай қашықтықтан оқыту жүйесіне көшеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сәуірдің 6-нан бастап, өңірдегі барлық оқушылар 4-ші тоқсан бойынша мектеп бағдарламасындағы сабақтарын өз үйлерінде онлайн режимде 2 ауысымда оқиды.

Осы жаңаша жүйені тиісті деңгейде іске асыру үшін мамандар аталған салаға мониторинг жүргізіп, оқушылар мен оқытушылардың қашықтықтан оқыту жүйесіне дайындығын пысықтады.

Бүгінде қашықтықтан оқытуға арналған арнайы порталдар дайындалып, іске қосылып отыр. «Bilimland», «Google Classroom», «MOODLE», «Univer», «Platonus», «Canvas», «Daryn.online» сынды жүйелер балаларды білім нәрімен сусындатпақ.

Әрбір оқушы сонда тіркеліп, тиісті үй тапсырмасын алып оқуын жалғастыра алады. Сондай-ақ, еліміз бойынша оқушылар мектеп бағдарламасындағы пәндерді қазақ тілінде «Балапан», орыс тілінде «Еларна» телеарнасынан да оқып үйренуге мүмкіндік туады. Оқу бағдарламасын қайталап оқуды республикалық телеарналардан бөлек жергілікті жердегі телеарналар да қосымша жүзеге асыратын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT