Түркістан облысындағы ірі жол апатына қатысты іс қозғалды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы ірі жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, соқтығысқа екі көлікте барлығы 2 жүргізуші мен 11 жолаушы болған. Қазіргі таңда   осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, бірнеше сараптамалар тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске салайық, «Жол көлік оқиғасы Төлеби ауданының аумағында, Алматы-Ташкент-Термез тас жолының 733 шақырымында болды. «Мазда» жеңіл көлігі  «Ssang yong» микро автобусының артқы тұсынан келіп соққан. Нәтижесінде жол апаты кезінде үш адам:   «Мазда» көлігінің жүргізушісі және екі әйел көз жұмды. Әйелдердің бірі Өзбекстан азаматшасы. Сондай-ақ, 9 адам турлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Олардың 6-уы өзбекстандықтар.

null 

Соңғы жаңалықтар