Түркістан облысындағы ірі жол апаты: Жарақаттанғандардың алтауы - өзбекстандықтар

None
None
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Қазығұрт ауданында орын алған ірі жол апатынан зардап шеккендер арасында Өзбекстанның 6 азаматы болған. Бұл туралы өңірдің Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасына Қазығұрт ауданындағы жол апатынан науқастар келіп түсті. Жеңіл жарақат алған 3 адамға алғашқы жәрдем көрсетіліп, олар амбулаторлық емге жолданды. Үш науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Тағы екі адам нейрохирургия және бір жолаушы жарақат бөлімшелеріне жатқызылды. Науқастардың алтауы Өзбекстан Республикасының азаматы», - делінген таратылған хабарламада.
null
null

Ал ауруханада ем қабылдап жатқан жолаушылардың сөзінше, жол апатына «Мazda» көлігінің доңғалағы жарылып кетуі себеп болуы мүмкін.

«Әйелім екеуміз «Мazda» көлігінде отырғанбыз. Сарыағаштан Шымкентке келе жатыр едік. Мен ұйықтап кетіппін, бір уақытта тарс еткен дауыс естілді. Көзімді ашып қарасам,  көліктің ішінде аударылып бара жатырмыз. Әйелім  басқа  жақтан ұшып кетіпті, бір жолаушы екінші жағынан түсіп қалған. Жүргізуші қансырап жатыр, өліп қалған сияқты.  Әупірімдеп жүріп сыртқа әрең дегенде шықтым», - дейді жолаушылардың бірі Фарух Курчиев.

Еске салайық, жол көлік оқиғасы бүгін Қазығұрт ауданындағы Рабат ауылының маңында болды. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, «Мazda» жеңіл көлігі «Sang Yong Istana» микроавтобусын артқы жағынан келіп соққан. Қатты соққыдан жолаушылар мінген көлік бірнеше рет аударылып түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, шағын автобуста - 9, жеңіл машинада 4 адам болған. «Мazda»-ның жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір әйел жедел жәрдем көлігі ішінде жан тәсілім етсе, үшінші әйел ауруханаға жеткен кезде көз жұмған. Өзге жолаушылар  Шымкент қаласындағы жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген. Қазір қаза болғандардың тұлғалары мен жол апатының себеп-салдары анықталып жатыр. 
nullnull

Соңғы жаңалықтар