Түркістан облысындағы инвестиция көлемі 260 млрд теңгеге жетті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының негізгі капиталына бағытталған инвестиция көлемі сегіз айдың қорытындысымен 260 млрд теңгені құраған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Иса Құдабеков мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Иса Құдабековтың айтуынша, ағымдағы жылы өңірдің негізгі капиталына бағытталған инвестиция көлемі 28%-ға өскен. Аталған соманың 41,5%-н жеке инвестициялар құрап отыр.

«Өңірде Түркістан облысының 2020-2024 жылдарға арналған инвестициялық жобалар пулы құрылған. Мұның аясында 1,8 трлн теңге сомаға 201 жоба қолға алынды. Бүгінгі күні 2020 жылғы жобалардан 31,5 млрд теңге сомасына 9 жоба іске қосылып, 407 жұмыс орны құрылды. Ал шетелдің қатысуымен 25,8 млрд теңге сомасына 2 жоба жүзеге асырылып, 160 жұмыс орны ашылды», - деді басқарма басшысы.

Айта кетерлігі, аймақта облыс әкімінің басшылығымен стратегиялық сипаттағы инвесторлардың мәселелерін қарайтын инвестициялар тарту жөніндегі өңірлік кеңес жұмыс істейді. Сондай-ақ, облыста инвестициялар тарту және экспортты дамыту жөніндегі «Turkistan Invest» өңірлік агенттігі бар. Ол инвесторлар үшін фронт-офис қызметін атқарады және «бір терезе» қағидаты бойынша қолдау көрсетеді. Жыл басынан бері 9 жоба «Turkistan Invest» агенттігінің тікелей сүйемелдеуімен іске қосылған.

Соңғы жаңалықтар