Түркістан облысындағы индустриалды аймақтардың 70 пайызында жағдай мүшкіл

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы индустриалды аймақтардың 70 пайызында жағдай мүшкіл, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Түркістан облыстық инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Қайрат Әзімов айтып өтті.

Мәселен, Бәйдібек ауданындағы индустриалды аймақтағы 8 трансформатордың үшеуі ізім-қайым жоғалып кеткен. Ал, Түркістанда канализация мен су құбырларының қолдану қолайсыз. Кентаудағы индустриалды аймақтың қоршаулары нашар.

- Жұмысы жақсы жолға қойылған индустриалды аймақтар да бар. Мәселен, Созақ ауданында 3 зауыт орналасты. Қазір оның екеуі тұрақты жұмыс істеп жатыр. Уран өндіретін кәсіпорындарға қосымша бұйымдар шығарып жатыр. Олар электр энергиясын арзандатып беруді сұрауда. Біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз- деді Қайрат Әзімов.

Жалпы Түркістан облысында ауданы 698 га болатын 9 индустриалдық аймақ құрылған болатын. Қажетті инфрақұрылымды жүргізуге бюджеттен 8 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді.


Соңғы жаңалықтар