Түркістан облысындағы этносаралық қатынас мәселесі талқыланды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында «Этносаралық қатынастар саласындағы медиасауаттылықты арттыру» тақырыбында семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары – Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Дәурен Сариев қоғамдық келісімді нығайту бағытында өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ел тұрақтылығын сақтауда ақпараттық қауіпсіздіктің маңызды екенін атап өтті.

«Turkistan Media Holding» басқарушы директоры, республикалық «Айқын» газетінің тілшісі Тельман Бейсенов «Этносаралық қатынастардағы БАҚ-тың және әлеуметтік желінің рөлі» тақырыбында ой қозғап, сындарлы пікірін ортаға салды.
Сондай-ақ, «Қызмет» газетінің бас редакторы, «Серпіліс» қоғамдық қорының төрайымы Бейсенкүл Нарымбетова «Этносаралық қатынастар туралы халыққа ақпарат берудің басты ерекшелігі және жауапкершілігі» тақырыбында мазмұнды ойларымен, пайдалы тәжірибесімен бөлісті.


Семинар-тренинг барысында сөз алған республикалық «Еркін ой» газетінің бас редакторы Балтабек Түйетаев, аудандық «Ордабасы оттары» газетінің бас редакторы Ғалымжан Зиябек, облыстық «Жанубий Қозоғистон» газетінің бас редакторы Әлішер Сатыбалдиев, Қазақстан жазушылар одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдәзім, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ұстазы Әтіркүл Ташимова және Сауран аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Оразбек Әміреев пікірталастарда белсенділік танытып, пікір-ұсыныстарын ортаға салды.
Іс-шара соңында семинар жұмысына қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында 50-ден аса этнос өкілдері тіршілік етуде. Өңірде тұрғындар үшін мәдениет пен дәстүрді дамытуға барлық қажетті жағдайлар мен инфрақұрылым жасалған.
Соңғы жаңалықтар