Түркістан облысындағы екі елдімекенге таза ауыз су берілді

АРЫС. ҚазАқпарат – «Тұңғыш Президент күніне» орай Түркістан облысындағы Көкжиде және Аққала елдімекендерінде таза ауыз су берілді. Арыс қаласына қарасты ауылдарда өткен салтанатты шараға қала әкімі Мұрат Қадырбек қатысып, жергілікті халықты мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
Аққала ауылының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында өткен жылы республикалық бюджеттен 213,4 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыс өндірістік кестеге сай жүргізілді. Нәтижесінде аққалалық мыңнан аса тұрғын таза ауыз сумен қамтамасыз етілді.
«Биылғы жылы қала тұрғындары қажырлы еңбек етіп, жылды табысты аяқтағалы отырмыз. Бұл да ел ішіндегі ынтымақ пен береке, бірліктің арқасы. «Тұңғыш Президент күні» мерекесі қарсаңында қуаныштарыңызды бөлісуге келіп, барлықтарыңызды осынау айтуыл күнмен құттықтағым келеді», - деді Мұрат Қадырбек.⠀
Ал, Байырқұм ауылдық округіне қарасты Көкжиде елдімекенінде қолданысқа берілген су құбырын тартуға облыстық бюджеттен 238,1 млн теңге қаржы бөлінген. Ауылға ұзындығы 20,681 шақырымды құрайтын, қуаттылығы тәулігіне 62,31 м3/жыл болатын ауыз су құбырының құрылысын «СМК и Ж7» компаниясы белгіленген мерзімде аяқтады.
Жаңадан пайдалануға берілген таза ауыз су желісі арқылы осы Көкжиде елді мекеніндегі 125 тұрғын үйдің 1 340 тұрғыны пайдаланады. Осылайша көп жыл бойы құдықтан су ішіп келген жергілікті халық ендігі уақытта арнайы сүзгіден өтетін таза, табиғи ауыз су пайдаланады.
Айта кетейік, 2021 жылы Арыс қаласына қарасты Дермене ауылдық округі, Орманды елді мекенінде ауыз су жүйесін салу үшін жобалық смета құжаттамасы әзірленген. Ондағы құрылыс жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 28 млн теңге қаралып, жоба бойынша елді мекенде орналасқан 4 көшедегі 35 тұрғын үй немесе 272 тұрғынды таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
- Түркістан облысының аумағында карантин мен шектеу шаралары ұзартылды
- Түркістан облысында жасанды тыныс алу аппараттарының саны 50% өсті
- Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
- Түркістан облысында 4 мыңнан астам жас әскерге аттанды
-
Түркістан облысында көкпар ұйымдастырғандарға айыппұл салынды
-
Карантин: Келесте мониторинг тобы 1 мыңға жуық нысанды тексерген
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам