Түркістан облысындағы балабақшаны су алып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше оқиғаға қатты жаңбыр себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістан облысының Қазығұрт ауданы Қыдыр Мәмбетұлы ауылында сағат 15.45 кезінде қатты жаңбырдан кейін 10 аула учаскесі мен 4 жеке тұрғын үйді, сондай-ақ бір балабақшаны су алып кеткен. Нысандардағы су деңгейі шамамен 5 сантиметрге жетіп, оқиға орнына ТЖД қызметкерлері арнайы құрылғылармен суды сорып, сыртқа шығару жұмыстарын жүргізді. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ», - деді Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер.

Еске сала кетсек, қатты жаңбыр салдарынан Шығыс Қазақстанда кеше екі ауданда жаңбырдың салдарынан бірнеше үйді су алып кеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар