+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Түркістан облысындағы әкімдік «Open Space» үлгісінде жұмыс істеуде

2019 жылғы 29 қазан 09:39
Бөлісіңіз:
Түркістан облысындағы әкімдік «Open Space» үлгісінде жұмыс істеуде

КЕЛЕС АУДАНЫ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігіне қарасты Бірлесу ауылдық округі әкімінің аппараты жаңа ғимаратқа көшуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Open Space» – ашық кеңістік үлгісіндегі жаңа қабылдау бөлмелері бірінші қабатта орналасқан әрі қабырғасы әйнектен жасалған. Яғни, бұл формат арқылы жергілікті тұрғындар әкім және оның қызметкерлерімен ашық түрде тығыз байланыста бола алады.

Әкімдіктің орталыққа орын ауыстыруы ең алдымен жергілікті халық үшін ыңғайлы болмақ. Оның үстіне жаңа ғимаратта «Nur Otan» партиясы филиалы мен ардагерлер кеңесі орналасатын болады. Осылайша Келес ауданы «Бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс форматына көшуді көздеуде.

Ескі ғимараттың толық жөндеу жұмыстары жүргізіліп болған соң, білім ұясына берілетін болады. Әзірге аудандағы 12 ауыл округінің ішінде Ақтөбе және Жүзімдік ауылдық округтерінің әкімдік ғимараттары жөндеуден өтіп, жаңа форматпен жұмыс істеуде. Алдағы уақытта аудандағы барлық ауылдық округтердің әкімдері жаппай бірінші қабатқа түсіріліп, «Open Space» жобасында жұмыс істеуге көшеді.

Сонымен қатар, ашықтық пен жариялылыққа ұмтылған әкімдіктің алдағы жоспарларының тағы бірі – халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын оңтайландыру.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT