+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Түркістан облысындағы 7 елді мекенге уақытша газ берілмейді

2019 жылғы 23 қыркүйек 12:44
Бөлісіңіз:
Түркістан облысындағы 7 елді мекенге уақытша газ берілмейді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Төлеби ауданындағы 7 елді мекенде газ беру уақытша тоқтатылды. Салдарынан 1736 жеке үй мен мемлекеттік мекемелер, 2 өнеркәсіп және 28 комуналды-тұрмыстық кәсіпорын көгілдір отыннан ажырап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алтай Көлгінов елорданың қай тұрғын үй алабына ең бірінші газ берілетінін айтты СҚО-да алғашқы ауылға көгілдір отын келді СҚО-да сұйытылған табиғи газ тасымалдайтын автопарк ашылды

Газ таратушы компания бұл жағдайды жоғары қысымды құбырдан ақау шыққанымен түсіндіреді. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақбастау, Абай, Ұйымшыл, Текесу, Алғабас, Аңғар ата және Сұлтан рабат елдімекендерінде газ қыркүйектің 19-ынан бастап өшірілген.

«ПЕРГАМ» лабораториясы Жыланбұзған ауылындағы жоғары қысымды газ құбырын көшпелі жоспарлы тексеру барысында ақаудың барын анықтаған. Қайта тексеру кезінде құбырдың бір жерінен тесік табылып, газ концентрациясы -95% екені белгілі болды. Көгілдір отын жердің астындағы Ду-250 мм жоғары қысымды полиэтиленді газ құбырының жалғанған жерінен шығып жатқан. Мамандар ақауды ретке келтіріп, құбырға түсетін жерін бекітіп қойған. Аталған құбырлар тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөліміне қарайды» делінген хабарламада.

Газ таратушы компания құбырларды жөндеу жұмыстары мен тұтынушыларды көгілдір отынға қайта қосу шаралары келген шығын өтелген соң қолға алынатынын айтады. Сондай-ақ, компания тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жөндеу жұмыстарына жұмсалған материалдардың да ақысын қайтаруды талап етуде.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT