Түркістан облысындағы 23 елді мекен газсыз қалды

None
None
ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат -Қазығұрт ауданындағы 23 елді мекен газсыз қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «ҚазТрансГазАймақ» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Аймақтағы жарық беруші «Энерджи сервис» компания қызметкерлері желілер тарту мақсатында жер қазу жұмыстарын жүргізген. Алайда бұл жұмыстарды жүргізілетіндігі жөнінде газ таратушы мекемеге ескертпеген. Осы жер қазу кезінде диаметрі 400 мм болатын жоғары қысымды газ құбырына зақым келген. Артынша мамандар электр тіреуіштерін орнату үшін бұрғылау жұмыстарын жүргізгенін айтқан. Нәтижесінде аудандағы 2810 үй мен 17 коммуналды тұрмыстық кәсіпорынға, 7 кәсіпкерлік нысанға көгілдір отын беретін газ құбырына зиян келген. Қазіргі кезде тиісті мамандар аварияны алдын алды»,- делінген хабарламада.

Айта кетейік, газ құбыры Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының балансында тұр. Сондықтан тұрғын үйлерге қашан беріле бастайтындығын басқарма шешеді.

Сондай-ақ, мекеме әрбір үйге газ беру үшін біраз уақыт кететіндігін ескертуде.

Соңғы жаңалықтар