Түркістан облысында жылыту маусымының басталуына орай үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында жылыту маусымының басталуына орай үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Ордабасы мен Сарыағаш аудандарының ТЖБ қызметкерлері мекемелер мен тұрғын үйлерді аралап, қауіпсіздік шараларын түсіндіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ордабасы аудандық ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Н.Қалқаман тұрғын үйлерді аралап, өрт қауіпсіздігі мен улы газбен уланудың алдын алу мәселелерін айтып өтті. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шағын кәсібі бар азаматтарға газды қауіпсіз пайдалану туралы айтып, арнайы дайындалған 500 дана жадынама таратты.

Сондай-ақ, жекеменшіктегі үйлерде жылыту кезеңінің алдында және кейін 3 ай сайын түтіндіктер мен мұржаларды күйеден тазарту керектігін ескертті. Шатыр асты бөлмелердегі барлық түтін жолдары мен құбырларын жүйелі түрде тексеріп отыру қажеттігін жеткізді. Пештерді қатты қыздыруға және қатты отынмен жағылатын пештерді жағу үшін бензин, керосин, басқа да тез жанатын сұйықтықтарды пайдалануға болмайтынын атап өтті.

Жылыту пешінің жанында ағаштарды, жанғыш заттарды, тез жанғыш сұйықтықтарды сақтауға болмайтынын үйретті. Жағылған пештерді, керосин шамдарын, керогаздарды қараусыз қалдыруға және пештің жағылуын балаларға қарауды тапсыруға болмайтынын айтты.

Ал, Сарыағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бас маман А. Қырықбай мен бөлімнің инженері С. Оспан Сарыағаш аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлеріне «Алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану», «Улы газдан сақ болыңыздар» тақырыптарында арнайы профилактикалық сабақ өткізді. Ондағы қызметкерлердің көкейіндегі сұрақтарға нақты жауаптар берді.

Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің жоспарында халық жаппай шоғырланатын орындарда арнайы үгіт-насихат жұмыстарын өткізу мен арнайы сабақтар, семинар-жиналыстар бар және бұл іс-шаралар жоспар бойынша орындалуда.

Соңғы жаңалықтар