Түркістан облысында жыл басынан бері 600-ден астам мас жүргізуші ұсталған

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында жыл басынан бері 614 жүргізушінің спиртті ішімдік тұтынып, мас халде көлік басқарғаны анықталған. 606 жүргізушінің ісі сотқа жолданып, хаттамалар толтырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейд шараларын ұйымдастырып келеді. Оның ішінде мас күйде көлік басқаратындарды анықтау үшін полиция қызметкерлері түнгі уақытта рейдке шығады. Осындай атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде 524 азамат әкімшілік қамауға алынып, 48 жүргізуші куәлігінен айырылған. Мас жүргізушілер 11 жол-көлік оқиғасына себепші болған. Аталған жол-апаттары салдарынан 1 адам қайтыс болып, 16 жолаушы түрлі дене жарақаттарын алды.

Өз кезегінде, өңірдің тәртіп сақшылары азаматтарға әрдайым абай болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Жүргізушілерге жылдамдықты асырмау мен маневр жасау ережелерін бұзбауды, қарсы қозғалыс жолағына шықпауды және басқа да құқық бұзушылықтады жасамауды түсіндірді.


Соңғы жаңалықтар