Түркістан облысында жыл басынан бері 5 адам суға батып кеткен

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында жыл басынан бері 5 адам суға кетіп, қаза болды.

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерік Сарыбаевтың айтуынша, суға батудың екі оқиғасы Мақтарал ауданында тіркелген. Қайғылы оқиға сондай-ақ, Жетісай, Ордабасы аудандары мен Арыс қаласында болған. Жазатайым оқиғалардың барлығы дерлік азаматтардың су жағалауларында қауіпсіздік ережелерін сақматмауына байланысты болған.

«Суға батқандардың үшеуі балалар, екеуі ересек адамдар. Балалар суаттар жанында үлкендердің қарауынсыз қалып, абайсызда суға құлап кеткен. Олар жүзуді білмеген. Осыған байланысты тұрғындарды сақтық шараларын ұстануға шақыратын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», – деді Ерік Темірханұлы.

Сондай-ақ, департамент бастығының орынбасары өңірде жыл басынан бері 14 дала өрті тіркелгенін атап өтті. Орман шаруашылығына келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы шамамен 802,2 мың теңгені құраған. Аймақта 2347,8 гектар орманды алқап жанып кеткен.


Соңғы жаңалықтар