+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Түркістан облысында жүргізушіні өлтіріп, мәйітті өртеп жіберген қылмыстық топ ұсталды

2020 жылғы 20 қазан 03:13
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында жүргізушіні өлтіріп, мәйітті өртеп жіберген қылмыстық топ ұсталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында адам өлтіріп, көлік тонаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ордабасы аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын ағасының «Мазда-626» автокөлігімен жұмыстан шығып, әлі күнге дейін үйге қайтып келмегені туралы арызданған.

Із-түзсіз жоғалған адамды іздеу шаралары барысында жоғалған адамның автокөлігі Шымкент қаласының шетінен табылған. Кейіннен полицейлер жүргізушінің өртенген мәйітін Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылының маңынан тапты.

Ауыр қылмысты ашу үшін тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу тобы құрылды. Бір аптадан кейін Түркістан облысының ПД криминалдық полиция қызметкерлері, Ордабасы аудандық ПБ және «Бүркіт» арнайы жасағымен бірге осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Жамбыл облысынан келе жатқан «ВАЗ» автокөлігін ұстады.

Олар бұрын бірнеше рет сотталған Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Төртеуі де жас жігіт.

Тергеу барысында күдіктілердің екеуі Шымкент қаласы көшелерінің бірінде жәбірленушінің көлігін тоқтатып, бір жерге апарып тастауды сұрағаны, діттеген орынға келгеннен кейін жүргізушіге шабуыл жасап, тұншықтырып өлтіріп, оның ұялы телефонын алып кеткені, ал мәйітті қала сыртына шығарып өртегені анықталды.

Қаскүнемдер бұл қылмысымен тоқтап қалмай, тағы екі серіктесімен бірге Ордабасы ауданындағы тас жолда «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісіне шабуыл жасап, 45 мың теңгелік барсеткасын тартып алған.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) және 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер қамауға алынды. Полиция қызметкерлері ұсталғандардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT