Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.52 EUR 431.32
RUB 6.10 CNY 55.89
Jańalyqtar

Түркістан облысында жұмысшыларға арналған жатақхана өртеніп кетті

2019 жылғы 23 ақпан 22:08 1237
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында жұмысшыларға арналған жатақхана өртеніп кетті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында геологиялық барлау қызметімен айналысатын кәсіпорын аумағында жұмысшылардың жатақханасы өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«23 ақпан күні сағат 20.43-те Дағдарысты жағдайларды басқару орталығына Түркістан облысының Созақ ауданында сағат 05.15-те «Волков Геология» АҚ аумағында сэндвич панельден тұрғызылған жатақхананың өртенгені туралы хабарлама түсті. Жалын шарпыған аумақ 1420 шаршы метрді құрады. Өртке қарсы қызмет шақырылған жоқ. Тілсіз жау «Құтқарушы Тау-кен» АҚ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің күшімен (15 адам, 2 техника) сағат 08.00-де сөндірілді», - деп мәлім етті ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахмет.

Ресми өкілдің айтуынша, жатақханада 45 адам тұрып жатқан. Өрттен кейін олар 20 шақырым жердегі Тайқоңыр ауылындағы жатақханаға орналастырылды.

«Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп нақтылады ТЖК өкілі. 


Түркістан облысында жұмысшыларға арналған жатақхана өртеніп кетті

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT