+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Түркістан облысында жолдар сапасыз жөнделген

2020 жылғы 26 қараша 18:37
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында жолдар сапасыз жөнделген

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Бәйдібек ауданыда жуырда ғана жөнделген жолдар сапасыз болып шықты. Мұндай кемшіліктер Боралдай ауылы тұрғындарының арыз-шағымы негізінде жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті өңірде жаңадан төселген жолдардың сапасына кешенді мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізілген болатын.

Аталған шара барысында Боралдай ауылына қарасты Батыршаев, Жамбыл, Жұмаділ көшелері мен Ақжар ауылына баратын автомобиль жолдардың сапасы мен қауіпсіздігі бақыланды. Жылжымалы жол зертханалық көлігі арқылы жаңадан төселген асфальт бетон жамылғысынан кесінді сынамалар алынды. Бір күндік бақылау жұмыстарының нәтижесінде Боралдай ауылдық округі, Ақжар ауылына баратын автомобиль жолдың асфальт бетон жамылғысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Жолдың екі шетіне тас төселмегені және су ағатын құбырларға бетон құйылмағаны, ойық шұңқырлар талапқа сай жамалмау деректері белгілі болды. Жаңадан салынған жолдан бірқатар ақаулар байқаған сала мамандары анықталған кемшіліктер бойынша мердігер мекемелерге акт түзіп, компания басшыларына қайта жөндеуден өткізу бойынша ұсыныстарын білдірді.

Айта кетейік, Агенттіктің бастамасымен Түркістан өңірінде қолға алынған «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында облысқа қарасты барлық қала/аудандара төселген жаңа жолдардың сапасы мен қауіпсіздігіне апта сайын тұрақты негізде бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT