Түркістан облысында жолаушылар тасымалымен заңсыз айналысқандар жауапқа тартылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою мақсатында кезекті рейдтік іс-шаралар жалғасуда. Төлеби ауданында өткен кезекті шараға облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ, рейдке Түркістан облысының Көліктік бақылау инспекциясы мен Төлеби ауданының полиция бөлімі қызметкерлері де атсалысты. Бірлескен шаралар нәтижесінде тұрақты түрде заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысып, заңбұзушылыққа жол беріп жүрген бірқатар қоғамдық көліктердің жүргізушілері анықталды. Оларға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар түзіліп, айыппұлдар салынды. Заң аясында жауапқа тартылып, енді біріне ескертулер берілді.

Сонымен қатар, аудан әкімдігінің мәжіліс залында автобекет басшылары мен автопарк, такси тасымалдаушы мекемелер мен такси жүргізушілері бас қосқан жиын өтті. Онда Түркістан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жолаушылар көлігінің мамандары және құзырлы мекеме өкілдері жолаушылар тасымалы бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Заңбұзушылыққа жол берілген жағдайда қандай шаралар қолданылатыны жайлы айтылды. Бірлескен рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетін болып келісілді.

Соңғы жаңалықтар