+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Түркістан облысында жолаушы тасымалдау қызметі жақсарады

2020 жылғы 15 ақпан 00:45
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында жолаушы тасымалдау қызметі жақсарады

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан облысында өткен жылы 44 тасымалдаушы компания 1300 қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдау қызметін көрсеткен. Қоғамдық көліктердің 238-і немесе 18,3%-ы жаңартылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, Түркістан қаласында 26 жаңа автобус сатып алынған.

«Облыс бойынша 19 жаңа тұрақты бағыт ашылып, оның 8-і Түркістан қаласын аудан орталықтарымен қосады. Тамыз айында Түркістан қаласында тәулігіне 10 мың жолаушыға қызмет көрсете алатын халықаралық автовокзал ашылды. Бұдан бөлек, Түлкібас, Бәйдібек және Ордабасы аудандарының орталықтарында жолаушыларға қызмет көрсету пунктілері іске қосылды»,- деді Өмірзақ Шөкеев.

Аймақ басшысы сондай-ақ, «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында жалпы саны 93 жобаны іске асыру үшін 3,9 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. Нәтижесінде 7 елді мекенде 77 көше, 4 мектеп, 6 балабақша, 1 спорт және 5 мәдениет нысандары жөндеуден өткізілген. Осы бағытқа 2020 жылға жалпы 4,9 млрд теңге қаржы бағытталуда. Ал, құрылыс жұмыстарының көлемі 182 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 29%-ға артқан.

«Елімізде өзекті болып отырған аз қамтылған көпбалалы отбасыларға баспана беру мәселесіне басым назар аударылуда. Осыған орай, 2019 жылы 550,6 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланса, жылдың қорытындысымен нақты 620,4 мың шаршы метр іске қосылды. Сөйтіп, тапсырма 12,7% артығымен орындалды. Бұл өз кезегінде 5 879 отбасыны баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Түркістан қаласының климатын жақсарту мен облыс орталығында халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында облыста алғашқы рет 7 700 га аумаққа Жасыл белдеу құру жұмыстары қолға алынып, 2300 га жерге 1 млн астам әр түрлі көшеттер егілді. Аталған шара аясында 2020 жылы 2400 га аумаққа 1 млн астам көшет отырғызу жұмыс қарқынды жүргізілуде. Жоспарланған меже 2022 жылы толық орындалады»,- деді Өмірзақ Шөкеев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT