+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Түркістан облысында жол сапасын жақсартуға 20 млрд теңге қаралып отыр

2021 жылғы 1 наурыз 22:38
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында жол сапасын жақсартуға 20 млрд теңге қаралып отыр

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 828 нысан немесе 1,5 мың шақырымнан астам жол мен көшеде құрылыс-жөндеу жұмысы аяқталып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Президент «Нұр-Сұлтан – Алматы» автожолын 2023 жылы пайдалануға беруді тапсырды Алматыда жол сапасына бақылау күшейтіледі – Сағынтаев ШҚО-да жол сапасына тексеру жүргізіледі

Ауқымды жұмыс биыл да жалғасуда. 2021 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 81,4%-ға жеткізу көзделіп отыр.

Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында айтылды.

Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы - 17 637 шақырым.

Былтыр автомобиль жолдарын дамытуға бюджеттен 54,8 млрд теңге бөлінген.

Облыс жолдары жайлы баяндаған Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимовтың айтуынша, биыл жол саласын дамытуға бюджеттен 19,9 млрд теңге қаралуда.

156 нысан немесе 538 шақырым жол мен елді мекен көшелері қамтылады деп жоспарланған.

Биыл Түркістан қаласындағы әуежайға баратын автомобиль жолын, Түркістан-Кентау, Түркістан-Балтакөл, Кентау-Ащысай, Шымкент-Ақсукент, Ақсукент-Қарамұрт, Шымкент-Сайрам, Шарапхана-Жаңабазар бағыттарындағы жолдар пайдалануға берілмек.

Бұдан өзге, Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандарындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жаңарту жұмыстарын аяқтау көзделуде.

Сәуір айында Түркістан қаласындағы жаңадан салынған әуежайға баратын 16,3 шақырым жол пайдалануға беріледі.

Түркістан-Кентау бағытындағы ұзындығы 19 шақырым жолға орташа жөндеу жұмысы жүргізілуде.

Соның ішінде аяқжол, веложол, жарықтандыру қарастырылған.

Бұдан басқа Түркістан қаласына Кентау қаласынан кіреберіс 26,6 шақырым жолды жөндеу басталды.

Ал, Түркістан-Балтакөл, Түркістан-Қарнақ-Кентау, Кентау-Ащысай бағыттарындағы 113,2 шақырым жол күрделі және орташа жөндеуден өткізілуде.

Жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталады.

Шардара-Темірлан бағытындағы жалпы ұзындығы 162,6 шақырым жолға күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр.

Шымкент-Ақсукент, Ақсукент-Қарамұрт, Шымкент-Көксәйек бағыттарындағы 50 шақырымнан асатын күре жол жөндеуден өткізілуде.

Жыл соңына дейін жұмыстар толық аяқталып, халық игілігіне беріледі.

Ал, Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандары аумағында ұзындығы 50 шақырымға жуық жол жөнделуде.

Одан бөлек, осы ауданда жалпы ұзындығы 184,6 шақырымды құрайтын 11 облыстық маңызы бар автомобиль жолдары жаңартылып жатыр.

Бұл жолдар қыркүйек айында пайдалануға беріледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT