Түркістан облысында жол қозғалысы дрон арқылы бақыланады

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жол қозғалысы ережелері дрон арқылы бақыланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан былай профилактикалық-рейдтік шара кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды бақылау үшін дрон қолданылады. Әуеге ұшырылатын бұл құрылғы заң бұзушылықтарды түсіріп, содан кейін бейнежазба полицейдің планшетіне жіберіледі.

Бұдан әрі тәртіп сақшылары жолда құқық бұзушыларды тоқтатып, әкімшілік хаттамаларды рәсімдейді.

«Кентау қаласына кіре беріс аймақта жүргізілген рейд барысында көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзған, қарсы қозғалыс жолағына шыққан және автокөлікті құжатсыз басқарғаны үшін бірнеше көлік иесіне шара көрілді. Тың тәжірибе оң нәтижесін көрсетіп отыр. Алдағы уақытта рейд авариялық-қауіпті учаскелерде жалғасатын болады» - дейді Түркістан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков.

Айта кетейік, жыл басынан бері Түркістан облысының жолдарында 450-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Оның ішінде облыстық маңызы бар жолдардағы жол көлік оқиғалары 55,4 пайызға артқан.


Соңғы жаңалықтар