Түркістан облысында жол-көлік оқиғалары 17 пайызға өскен

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жол-көлік оқиғалары 17 пайызға өскен. Бұл туралы түркістандықтармен кездескен Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қорғау» жүйесі Түркістан облысында да жұмыс істеп тұр. Аталған жүйе арқылы анықталған заң бұзушылықтарға орай 341 адам жүргізуші құқығынан айрылған. Сондай-ақ, 28 жалған нөмірмен жүрген көлік анықталған. Жалпы 3000 автокөлік арнайы тұраққа қойылған.

Кездесуде министр 25 рет жол ережесін бұзған 102 номерлі «Kia» автокөлігінің иесіне 966 000 теңге айыппұл салынғанын айтты. Ал, «Audi» нөмірлі көлігі 24 рет жол ережесін бұзып, 1 млн теңгеге жуық айыппұл арқалаған. 15 рет заң бұзған Хюндай көлігі де 586 000 теңге төлеуі тиіс.

«Мыналардың неге жолын кеспейміз. Жауаптылықтан босатылған ертең қылмыс жасайды. Бір күн ішінде көліктер айыптұраққа қойылуы керек. Тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда» - деді Марат Ахметжанов.

Министрдің айтуынша, Түркістан облысында жол-көлік оқиғалары 17 пайызға өскен. Жыл басынан бергі 5 айда 80 адам көлік апатынан қайтыс болған. Бұл көрсеткішті өткен жылмен салыстырғанда 27 пайызға өскенін көреміз.


Соңғы жаңалықтар