Түркістан облысында жол-көлік апатынан үш адам қаза тапты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында жол-көлік оқиғасының фактісі бойынша сот алдындағы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сауран аудандық полиция бөліміне жүк көліктерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түскен. Аталған факт сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлімімен (Көлік құралдарын жүргізушілердің жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу») тіркелді.

Жол апаты орнына келіп жеткен полицейлер онда тиісті шаралар кешенін өткізді. Шымкент-Самара күре жолының 135-ші шақырымында DAF 460 жүк көлігінің жүргізушісі Шымкенттен Түркістанға қарай жол жүріп, жолдың жиегінде тұрған DAF 105 жүк көлігімен соқтығысқаны анықталды.

Жол-көлік апаты салдарынан жүк көлігінің қасында тұрған үш адам алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Аталған факті бойынша сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде. DAF 460 көлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Тиісті сараптамалар белгіленген. Тәртіп сақшылары болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.


Соңғы жаңалықтар