Түркістан облысында жол ережесін бұзушыларға төрт млрд теңге айыппұл салынды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Облыста жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылмен салыстырғанда 14,8%-ға, қаза болғандар саны 5,4%-ға, жарақат алғандар саны 23,1%-ға азайды. Республикалық маңызы бар автожолдардағы апаттар саны 16%-ға азайды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімдігі жанындағы заң бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыс облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өтті.

Жыл басынан бері облыс жолдарында 265 мыңға жуық заң бұзушылық анықталды. 4 млрд теңгеге жуық сомаға айыппұл салынды, оның жартысынан астамы өндіріліп алынды.

Полиция жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерін анықтады. Олардың ішінде жылдамдықты асыру, қауіпті маневрлер, жол сапасының нашарлауы, сондай-ақ жолдарда үй жануарларының кенеттен шыға келуі бар. Жиында құқық қорғау органдарының өкілдері жол бойында қадағалаусыз жүрген үй жануарларының иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселені көтерді.


Соңғы жаңалықтар