+7 (701) 759 90 19
USD 420.32 EUR 509.34
RUB 5.7 CNY 64.85
Jańalyqtar

Түркістан облысында жол ережесін бұзғандарға 4 млрд теңге айыппұл салынды

2020 жылғы 3 желтоқсан 21:31
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында жол ережесін бұзғандарға 4 млрд теңге айыппұл салынды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында жол ережесін бұзғандарға 4 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО полицейлері қарға батқан көліктерді шығарды Өмірзақ Шөкеев Түркістанда жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады Түркістан облысының машина жасау саласына инвестиция тартылмақ

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, облыс көлемінде болған жол - көлік оқиғаларының саны былтырғы жылмен салыстырғанда 14,8 % - ға, қаза болғандардың саны - 5,4 % - ға, жарақат алғандардың саны - 23,1 пайызға төмендеді. Оның ішінде республикалық маңызы бар тас жолдарда болған апат саны 16 % - ға азайған.

Бұл мәселе облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы мәжілісінде қаралды.


Жыл басынан бері облыс жолдарында арнайы автоматты құралдармен 265 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталған. Олар бойынша 4 млрд. теңгегеге жуық қаражатқа ұйғарымдар шығарылып, жартысынан астамы өндірілген.

Полиция жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерін айқындады.

Атап айтар болсақ, жылдамдықты арттыру, маневр жасау, сонымен қатар, облыстағы жол сапасының жақсарғандығынан жүргізушілердің басым бөлігі жылдамдықты шектен тыс асырып, қиылыстар мен бұрылыстарда апатқа ұшырауда. Сондай-ақ үй жануарларының тосыннан жолға шығуынан болған апат саны артқан. Сондықтан ішкі істер органдары жол бойында қараусыз жүрген үй жануарларының иелерін әкімшілік жауапқа тарту мәселесін көтерді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT