Түркістан облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент-Жібек жолы автожолында шамамен сағат 13:15 минутта жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түкістан облыстық Полиция департаменті таратқан ақпараттарға қарағанда, «Мерседес» шағын автобусы алдында келе жатқан «Камаз» ауыр жүк көлігіне барып соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында шағын автобустың 5 жолаушысы қаза тапты. «Мерседес» шағын автобусының жүргізушісі және оның 6 жолаушысы емханаға түрлі дене жарақаттарымен жеткізілді.

Аталмыш жайт Қазығұрт АПБ-не ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша тіркеуге алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицейлер болған оқиғаның толық мән-жайын анықтау үстінде.

Соңғы жаңалықтар