+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Түркістан облысында жоғалып қалған 3 жасар бүлдіршін тойхана маңынан табылған

2020 жылғы 27 қазан 12:47
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында жоғалып қалған 3 жасар бүлдіршін тойхана маңынан табылған

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Арыс қаласында аулада ойнап жүрген 3 жасар бүлдіршін жоғалып кеткен. Баланы өздігінен таба алмаған ата-анасы полицияға арызданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қарияны өрттен құтқарды Бұхарада іргесі XVI ғасырда қаланған медресенің қабырғасы құлады Кабулдағы шабуыл: 8 адам мерт болып 28-і зардап шеккен

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүлдіршіннің анасы ұлының кешкі сағат 19:15-тер шамасында есік алдында ойнап жүргенін айтқан. Содан соң анасы артынан іздеп шыққан кезде жоқ екенін байқаған.

Баланы шұғыл іздестіруге кіріскен тәртіп сақшылары сол аймақты көліктерімен аралап, көшелердің арасындағы қуыстардың барлығын түгелімен қарап шыққан. Осылайша жедел жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде бүлдіршін екі сағаттың ішінде ауыл ішінде орналасқан тойханалардың бірінің алдында ойнап жүрген жерінен табылған.

Ол тез арада ата-анасына жеткізілген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT