Түркістан облысында жоғалған 7 туристің екеуі әлі табылмай жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында жоғалған 7 туристің екеуі әлі табылмай жатыр. Бұл жайында ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістан облысында жоғалған туристерді іздеу жалғасып жатыр. Әзірше еш нәтиже болмай тұр. Іздеу жұмыстарына 127 адам, 15 техника, 3 квадракоптер, 3 кинологиялық топ және 1 тікұшақ жұмылдырылған», - деді министрліктің ресми өкілі.

Талғат Уәлидің нақтылай түсуінше, іздеу жұмысына жұмылдырылған мамандардың қатарында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 61 қызметкері, 6 техникасы және 1 квадракоптері, Шымкент қалалық ТЖД-ның 2 қызметкері, 1 техникасы және 2 квадракоптері, ҚР ТЖМ Республикалық жедел құтқару отрядының 18 құтқарушысы, 3 кинологиялық тобы мен 4 техникасы, «Қазавиақұтқару» АҚ-ның 1 тікұшағы, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 9 әскери қызметшісі және жоғалған туристердің 5 туысы бар. Сонымен қатар Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің 7 қызметкері, 2 жүзу құралы мен 1 техникасы туристерді іздеу жұмысына қол ұшын беріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар