Түркістан облысында жеті елді мекенге ауызсу құбыры тартылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президенттің қабылдауында болған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды су құбыры бұрын-соңды болмаған жеті елді мекеннің ауызсумен қамтамасыз етілгені жөнінде мәлімет берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.ын айтты,

«Мемлекет басшысына су құбыры бұрын-соңды болмаған жеті елді мекеннің ауызсумен қамтамасыз етілгені жөнінде мәлімет берілді. Биыл 25 елді мекенге ауызсу құбырын тартып, тозығы жеткен сумен қамтамасыз ету желісін жаңарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ 56 елді мекен табиғи газ құбырына қосылып, 47 елді мекеннің электр желілері жаңартылады.

Облыс әкімі өткен жылы 54 мектептің құрылысы жүргізіліп, оның 21-і пайдалануға берілгенін жеткізді. Биыл тағы 20 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 63 білім мекемесінің құрылысы мақұлданды. Бұдан бөлек, биыл ауылдық жерлерде 49 медицина нысаны салынады» делінген әкім баяндамасында.

Әкімнің айтуынша, былтыр жалпы өңірлік өнім көлемі 3 триллион теңгені құраған, ал ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі алғаш рет 1 триллион теңгеден асқан. Бұл салаға 75 миллиард теңге инвестиция тартылған. Сонымен қатар шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 184 579-ға жеткен.

Президентке Сырдария өзені бойындағы елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу үшін жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндалды. Алдын ала қамданғанның нәтижесінде бес аудандағы 43 елді мекенді су басу қаупі жойылған. Толассыз жауған нөсер жауын салдарынан бірқатар ауданда жекелеген үй аулаларын су басып қалғандықтан, 200-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір жағдай тұрақтанып, тұрғындар үйлеріне оралды. Арнайы комиссия шығын көлемін анықтап жатыр.


Соңғы жаңалықтар