Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.05 EUR 432.79
RUB 5.96 CNY 55.46
Jańalyqtar

Түркістан облысында жергілікті тұрғынның үйінен 10 келі марихуана табылды

2019 жылғы 14 қаңтар 11:47 676
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында жергілікті тұрғынның үйінен  10 келі марихуана табылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жергілікті тұрғыннан 10 келіден аса марихуана тәркіленді. Күдікті есірткі затын полиэтиленді пакеттерге орап,  жертөлеге жасырып келгені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Таразда есірткі жарнамалайтын граффити жазбалар жазған жігіт ұсталды Моңғолияның есірткіге қарсы полициясы қазақстандық әріптестерінен тәжірибе бөлісуді сұрады

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сезікті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен  Сарыағаш АПБ бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында ұсталған. Оның үйін тінту кезінде марихуанаға ұқсас есірткі затын табылған. Сараптамаға сәйкес, бұл жалпы салмағы 10 кг-нан аса марихуана екені анықталған.

«Аталған жайт ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігіне сәйкес «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» қылмысы бойынша  сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қазір полицейлер күдіктінің ірі мөлшерде есірткіні қандай мақсатта өзінде сақтағанын анықтауда», делінген хабарламада.

Айта кетейік, Түркістан облысы Полиция департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасымен өткен жылы 6 тоннадан аса есірткі затының заңсыз айналымы тәркіленді.  20-ға жуық есірткі заттарды сақтау деректері анықталған.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT