Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланушылар азаймай отыр

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Жыл басынан бері Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатысты 18 заң бұзушылық анықталған. Нәтижесінде 5 азамат тәртіптік жауапкершілікке, 16 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мобильдік топпен жүргізілген рейдтік жұмыстар барысында 16 тасымалдаушыға 2 056 483 теңге көлемде айыппұл салынған. Жүргізушілерде пайдалы қазбалардың шығу тегін негіздеуші құжаттар мүлде болмаған.

Сондай-ақ, 21 су қорғау белдеуінде орналасқан табиғат пайдаланушылардың келісім-шарттары уақытша тоқтатылса, 9 келісім-шарт бұзылған. 12 табиғат пайдаланушының тау-кен нүктелері өзгертіліп, су қорғау белдеуі аумағынан шығарылған.

«Биыл 12 іс құжаттар процесстік шешім қабылдау үшін полицияға жолданып, Қылмыстық Кодекстің 334-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы іс әрекеттерден қоршаған ортаға 3,7 млрд теңге залал келген», - деді, Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Серік Әбдиев.


Соңғы жаңалықтар